«Хезболла» мерт болған қолбасшының орнына жаңа басшы тағайындады
«Хезболла» мерт болған Насралланың орнына жаңа басшы тағайындады.
Қозғалыстың бас хатшысы енді Наим Касем. Бұл туралы Хезболланың ресми мәлімдемесінде хабарланды. Касем жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Бас хатшының орынбасары қызметін атқарған. Естеріңізге сала кетейін, «Хезболланың» бұрынғы Бас хатшысы Хасан Насралла 27 қыркүйекте Израильдің шабуылынан қаза тапты. Ол ливандық қозғалысты 1992 жылдан бері басқарды. 5 қазанда Израиль әскери-әуе күштерінің соққысынан Бас хатшының орнын басады деген Хашем Сафиеддин де қаза тапқан болатын.