Түркияның құрылғанына 101 жыл толды

Түрік елінің құрылғанына биыл 101 жыл.

Осыдан бір ғасыр  бұрын Анадолыда ұлт көшбасшысы Мустафа Кемаль Ататюрк бастаған шет ел интервенциясына қарсы ұлт-азаттық кү­рес жеңіспен аяқталды. Осылайша 1923 жы­лдың 29 қазан күні зайырлы Түркия Рес­пуб­ликасы құрылды. Содан бері түрік халқы Республика күнін “Егемендік сөзсіз халықтың еншісі” деген ұранмен атап өтеді. Биыл да дәстүр өзгерген жоқ. Мерекелік іс-шаралар Анкарада басталып, Ататүрік жерленген  Анытқабір кешенінде Президент Ердоғанның қатысуымен өткен рәсіммен жалғасты. Мемлекет басшысы Түркияның тұңғыш президентінің қабіріне гүл қойып тағзым етті. Ел көлемінде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

 - Бүгін Республикамыздың жаңа ғасырындағы алғашқы жылды қарсы алудың қуанышымен бөлісудеміз. Республикамыздың 101 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Мустафа Кемаль Ататюрк бастаған мемлекетіміздің негізін  құрушы тұлғаларды құрметпен еске аламын.

Муаммер Акюрек, жергілікті тұрғын:

 - Біз өз еліміздің тағдырын өз қолымызға алдық және ешкімге біздің болашағымызды анықтауға рұқсат бермейтінімізді көрсеттік. Бұл ел бізге бабаларымыздың аманаты. Оны көздің қарашығындай сақтау біздің міндетіміз.