Газаның солтүстігінде Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 100-ден асты
Израиль әскерінің Бейт-Лахия елді мекеніне жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 100-ден асты. Олардың 25-і – бала. Газаның Денсаулық сақтау министрлігі келтірген мәлімет бойынша ондаған азамат жарақат алған.
Таяуда еврей армиясы бесқабатты тұрғын үйге әуеден соққы жасады. Шабуыл кезінде ғимаратта 200-ге жуық адам болған. Израиль армиясы Камал Адван ауруханасы маңайын да атқылап жатыр. Бұл аймаққа бомбалаудан зардап шеккен тұрғындар жеткізіледі. Өткен аптада Израиль қорғаныс армиясы Газа секторының солтүстігіндегі әскери операцияларды қайта бастайтынына байланысты осы аймақта өмір сүретін тұрғындарды үйлерінен кетуге шақырған еді. Кейін Бейт-Ханун, Джабалия және Бейт-Лахия қалаларын Газа қаласынан оқшаулап, екі аумақ арасындағы байланысты тоқтатты.