Иран әскери мақсатқа бөлінетін қаржыны 200% ұлғайтпақ
Иран билігі келер жылдан бастап әскери мақсатқа бөлінетін қаржы көлемін 200% пайызға ұлғайтады. Бұл туралы Иран министрлер кабинетінің өкілі Фатеме Мохаджерани мәлімдеді.
26 қазанда Израиль қорғаныс армиясы Иран аумағындағы әскери нысандарға бірқатар соққы жасады. Зымыран шығаратын зауыт сондай-ақ жер-әуе зымыран кешендері мен Иранның қосымша әуе құралдарына шабуыл жасалды. Еврей армиясы бұл Иран режимінің бірнеше айлық үздіксіз шабуылдарына қарсы жауап деп мәлімдеген болатын.