Түркия мүлік салығын төлемегендерге қатаң шара қолданады. LIVE
Салыққа Түркия да қатаң қарайды. Кешіктіргенге айыппұл көбейе береді. Бірақ мұндай қатаңдық елдің бәріне бірдей емес.
Меруерт Қанағат, меншікті тілші:
- Түркияда мүлік салығы мүліктің түріне, орналасқан жеріне, меншік иесінің мәртебесіне және басқа да факторларға байланысты өзгереді. Мәселен, тұрғын үй үшін: қала ішінде 0,2%, ірі қалаларда 0,1%. Коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін 0,4%, ірі қалаларда 0,2%. Ауыл шаруашылығы жері үшін 0,1%. Бұл проценттер мүліктің бағасына байланысты есептеледі. Түркияның ірі қалаларында Анкара, Ыстамбұл мен Измирде салық мөлшері жоғары. Мұның себебі бұл қалалар «үлкен қала» статусына ие. Мүлік салығынан түскен кіріс туралы нақты көрсеткіш жыл сайын өзгеріп отырады. Бірақ соңғы мәліметтерге сәйкес Түркия жыл сайын муниципалитеттерге шамамен 10 миллиард түрік лирасы көлемінде кіріс алады. Бұл қаражат жергілікті инфрақұрылымды қолдау және дамыту үшін пайдаланылады. Егер мүлік иесі салықты төлемесе, онда ол айыппұлдарға ұшырайды және өсімпұл есептеледі. Борыш өсімпұлдарымен қатар қарыздың өтелмегені үшін заңды шаралар қолданылады. Деңгейіне байланысты мүлікке тыйым салу немесе оны сатуға мәжбүрлеу арқылы берешек өтелуі мүмкін. Егер мүлік иесінде бірнеше мүлік болса, олардың әрқайсысына бірдей салық мөлшері есептеледі. Түркиядағы мүлік салығы меншік санына байланысты емес, салық әрбір мүлікке жеке-жеке есептеледі. Айтпақшы, Түркияда ауыл мәртебесі бар елді мекен тұрғындары салықтан босатылған. Мақсат – ауылдық аймақтарында өмір сүру деңгейін көтеру және сол өңірлерде халықты ұстап қалу. Қала маңында орналасқан ауыл мен махалле статусына ие мекендер бұл категорияға кірмейді.
Түркияда, жаңа айтып өткендей, барлық азаматтар, бұл жергілікті және шетелдік мүлік иелері салық төлеуге міндетті. Кейбір санаттағы адамдар мүлік салығынан босатылған немесе жеңілдіктер бар. Олар – жалғыз мүлігі бар зейнеткерлер, айлық кірісі белгілі бір шектен аспайтын төмен табысты азаматтар, мүгедектер, соғыс ардагерлері және қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері. Бұл топтарға жеңілдіктер тек тұрғын үй мүлігіне қатысты беріледі және басқа жылжымайтын мүлік түрлеріне салық есептеледі. Түркияда мүлік алған шетелдіктер келетін болсақ, соңғы 11 жылда 385 мың тұрғын үй сатылған. Әсіресе бұл көрсеткіш COVID-19 пандемиясы кезінде едәуір артқан. Түркия статистика институтының мәліметінше, 2022 жылы шетелдіктер сатып алған үйдің үлесі жалпы сатылған жылжымайтын мүліктің 4,5% құраған. 2019 жылынан бері Түркияның ең көп мүлік алған шетел азаматтырының көшін ресейліктер бастап тұр. 2023 жылы ең көп үй алғандардың тізбегін Ресейден кейін Иран, Ирак, Украина мен Қазақстан бастап тұр. Былтыр елде 35 мыңнан астам тұрғын үй сатылған. Оның үштен бірі көршілес ресейліктерге тиесілі. Ал қазақстандықтардың үлесі – 1440.