АҚШ президентін сайлау: 50 млн америкалық мерзімінен бұрын дауыс берді
АҚШ-тағы президенттік сайлауда 50 млн-нан астам америкалық мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды 24kz.
Флорида университеті санау жүйесінің мәліметтері бойынша бұл сайлаушылардың шамамен 39%-і демократтар, 36%-і республикашылар партиясынан. Жалпы АҚШ-тың тығыз орналасқан штаттарында мерзімінен бұрын дауыс беруге рұқсат етілген. Бұл сайлау процесін жеңілдету және сайлау күніндегі жүктемені азайту үшін жасалады. Кәмелетке толған барлық азамат дауыс беруге құқылы. Сондай-ақ көптеген сауалнама нәтижесі бойынша республикашыл Дональд Трамп пен демократиялық партия атынан үміткер Камала Харристің мүмкіндіктері тең түсті. Эмерсон колледжінің есептеуіне сәйкес, үміткерлерді сайлаушылардың 49%-і қолдаған.