Темекінің қауіпсіз түрі жоқ
ДДСҰ: Шылым шегу ауыз қуысы обырын туғызады
Темекінің қауіпсіз түрі жоқ. Оны аратұра тартудың өзі адамзатты құрдымға сүйрейді. Алдымен, ауыз қуысы қабынады, одан әрі тұтас ағза әлсірейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейінгі зерттеуінде осындай тоқтамға келген. Олар шылымның әсерін анықтау үшін 128 адамға сынақ жүргізді. Нәтижесі - темекі шегетіндердің ауыз қуысында Fusobacterium, Campylobacter және Tannerella forsythia сияқты зиянды бактериялар өмір сүреді. Мұның соңы ауыз қуысы обырын туғызуы мүмкін.
Шылым шегетіндер арасында өлім-жітім көп
Шылым шегуден өлім-жітім көрсеткіші Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропа аймағында жоғары. Бұл елдерде жыл сайын әр 100 мың адамға шаққанда 150 өлім тіркеледі. Ал жас мөлшері бойынша алпысты алқымдағандар мен жетпістен асқандар шылымның құрбаны болады екен. Кейінгі зерттеулер зиянды әдеттен өлім құшқандардың жасарып бара жатқанын дәлелдеп отыр. Елуді еңсергендер арасында да темекі түтініне тұншығып, көз жұмғандар көбейген.
Оңтүстік-шығыс Азия
Шығыс Еуропа
50-69 жастағылар
70 және одан жоғары жастағылар темекі шегіп, көз жұмады
Темекі тартпасаң, өмірің ұзарады
Жетпіс жасқа дейін темекі шегіп, одан әрі қойып кеткен адаманың да өмір жасы ұзарады. Мичиган университетінің ғалымдары осылай дейді. Олардың айтуынша, бұл зерттеу ондаған жылдар бойы темекі тартқан адамның ағзасы қалыпқа келмейді деген сыңаржақ пікірді терістейді. Сынақ нәтижесінде темекі шегуді қойған 75 жастағы адамның өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 8 айға ұлғайғанын көрсетті. Шылымнан неғұрлым ерте бас тартқан сайын соғұрлым, ауру қаупі азайып, өмір сүру ұзақтығы арта түседі.
Әлем елдері шылым шегуді шектеп жатыр
Ирландия
Әлемде алғашқылардың бірі болып қоғамдық және жұмыс орындарында темекі шегуге тыйым салған ел – Ирландия. Бұл ел осыдан 20 жыл бұрын денсаулық сақтау саласына үлкен реформа енгізіп, заңды түрде жүзеге асырды. Кейінгі зерттеуге сүйенсек, қазір Ирландияда шылым шегушілер саны азайып, ұлт саулығы айтарлықтай жақсара түсті. Жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдары ауруларының көрсеткіші төмендеді.
Уругвай
Араға екі жыл салып, Оңтүстік Америкадағы Уругвай шылымға шектеу қойды. Құжат жүзінде заңдастырды. Сондай-ақ темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салды. Құқық бұзғандарға алдымен, ескерту жасалады. Оған тоқтамаса мекемені 1 айға дейін жауып тастайды.
Жаңа Зеландия
Жаңа Зеландия да жастар мен жасөспірімдерге темекі сатуға толық тыйым салмақ. Жаңа құжат бойынша, 15 жасқа дейінгі жеткіншектерге темекі сатылмайды.
Индонезия
Ал Индонезия билігі тақауда шылым саудасының ең төменгі жас шегін 18-ден 21 жасқа көтерді. Сондай-ақ 2026 жылдан бастап темекі өнімдерін жарнамалауға толық тыйым салды. Осылайша ел үкіметі біртіндеп тұрғындар арасында темекі шегуді тежеуге күш салып келеді. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, елдегі 70 млн шылым шегушінің 7,4% 10 мен 18 жас аралығындағы жеткіншектер.
Кадар Гунтур, жергілікті тұрғын:
- Үкіметтің бұл бастамасы құптарлық. Өйткені оқушылар шылымды қоғамдық орындарда ашық шегеді. Бұл олардың денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін білмейді.
Ұлыбритания
Ұлыбритания үкіметі «Шылымсыз ұрпақ» бағдарламасы аясында жастар мен жасөспірімдерге қатаң шектеу қояды. Заң 2027 жылы күшіне енеді. Премьер-министр Ким Стармердің айтуынша, Ұлыбританияда жыл сайын темекіге тәуелді 80 мың адам көз жұмады.
ЦИТАТА
Ким Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі:
Бұл денсаулық сақтау саласына үлкен ауыртпалық туғызып отыр. Сол себепті біз халық көп жүретін қоғамдық жерлер, мейрамханалар мен демалыс орындарында, емдеу және білім беру мекемелерінде темекі шегуге тыйым салуды қарастырып жатырмыз.
Біраз ел зиянды әдетті түбегейлі жоюды мақсат етсе, кейбірі бұл мәселені балама өнімдер қолдану арқылы шешкісі келеді. Бірақ биліктің бұл әрекеті қаншалықты жүзеге асады? Әзірге белгісіз. Белгілісі қоғамда шылым шегуді қойып кетіп жатқандар тым аз.