Кубада он миллионға жуық адам жарықсыз отыр
Куба «Оскар» дауылының салдарымен әлі күресіп жатыр.
Елде 10 миллионға жуық тұрғын жарықсыз және ұялы байланыссыз қалды. Көптеген қалада жол қатынасы үзілген. Әсіресе Баракоа, Имиас және Маиси қалалары қатты зиян шекті. "Бостандық аралына" дауыл 11 күн бұрын келген еді. Ресми дерек бойынша 8 адам ажал құшқан. Дауыл алапат су тасқынын тудырған. Жағаға ұрған толқындардың биіктігі 2 метрден асты.