Түркияда темекіден жылына 85 мың адам көз жұмады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде шамамен 2 миллиард адам темекі өнімдерін тұтынады.
Шылым шегушілердің 80%-ы әдетте төмен және орта табысты елдерде өмір сүреді. Түркияда да темекі тартатындар баршылық. Қазір бізбен тікелей байланысқа осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат шығып тұр. Қайырлы күн, Меруерт. Түркияда шылым шегушілер қанша? Жыл сайын артып отыр ма әлде азаю бар ма? Ағзаға зиян дертпен күрес шаралары қандай?
Меруерт Қанағат, тілші:
- Жалпы темекіні қолдану жөніндегі статистикалардың әртүрлі екенін айта кеткен жөн. Солардың ішінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018-2023 жылдарға арналған Темекіге қарсы күрес жоспарына сәйкес Түркияда темекі шегушілер санының 15 миллионға жуық. Мәлімдемеде Түркияда 15 және одан жоғары жастағы жалпы халықтың әрбір 4 адамнан кем дегенде бірінің темекі шегетіні айтылған. Ал, Еуропа Одағы (ЕО) Статистика басқармасының есебіне қарағанда.
Еуропа елдерінде ең көп темекі шегетін ел 29 пайызбен Болгария болса, Түркия 27,3 пайызбен екінші орында. Зерттеулер Түркияның жан басына шаққандағы орташа тәуліктік темекі тұтыну санында 17,1-мен әлемде бірінші орында екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш Грекияда 15,7, Израильде 15,5, Жапония мен Австрияда 15,4 екені жарияланды. Бір қызығы, әлемде өнімнің денсаулыққа зиянды екендігі жөнін ашық әрі айқын жарнама осы темекі сатуда қолданылады. Сонда да оны тұтынушылар саны азаятын емес. Түркияның темекіге қарсы қауымдастығының мәліметінше, 2008 және 2023 жылдары темекіге тәуелділер санының 14 миллион деңгейінде тұрақты қалған. Қалай? 2008 жылы ел халқы 71 миллион болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 14 миллионға артып, 85 миллионға жетті. Халық санының өсуіне қарамастан, темекі шегушілер санының өзгермеген. Сонымен қатар, Түркияда күн сайын шамамен 14 миллион 840 мың, ал жылына 5 миллиард 400 миллионнан астам акциздік маркасы бар темекі қорабы сатылады екен. Жалпы, Түркияда кез келген жерде кофемен және жіңішке белді стақанды ұрыттап тұрып, темекі шегетіндерді көптеп кездестіруге болады. Қоғамның көзі де бұған әбден үйреніп қалған. Десе де елде шылым шегушілерге қарсы күрестің табанды екенінде айта кеткен жөн. Тіпті, мұны ел президенті Ердоғанның өзі де жиі айтады.
Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:
- Әлемде күн сайын 20 мың адам темекіге байланысты аурулардан көз жұмады. Біздің елімізде жыл сайын 85 мыңға жуық адам көк түтіннің құрбаны болып жатыр. Темекі адамды улап қана қоймай, қоршаған ортаны да ластайды. Әлем бойынша балалардың жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен тыныстауға мәжбүр. Біз жабық орындарда темекі шегуге тыйым салу, айыппұл мөлшерін арттыру және жоғары салық салу сияқты маңызды шараларды қолға алдық. Темекі қораптарында денсаулық туралы ескертулердің көрнекі әрі әсерлі болуын қамтамасыз еттік. Қоғамдық сананы арттыруға тырыстық. Бұл жасырын қауіпті жоюда барлық азамат, бүкіл адамзат қырағы болуы қажет деп есептеймін.
Меруерт Қанағат, тілші:
- Жаңа ғана елде шылым шегушілерге қарсы күрестің де қатаң екенін айтқан едім. Түркияда жабық орындарда темекі және темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынғанына 15 жыл болды. Елде мыңдаған темекімен күрес орталықтары жұмыс істеп тұр. Тегін.
Осыдан 5 жыл бұрын Түркияда барлық темекі қораптарының пішіні мен түсі «сұр» болуы керек деген заң қабылданып, қорап бетінде темекінің кез келген түрі денсаулыққа зиян сөзі тұруы міндеттелді. Ал темекінің бренд атауы да жіңішке әрі кішкентай жазумен болуы тиіс. Бастысы, Түркияда электрондың темекінің кез келген түрін сатуға тыйым салынған. Әрине заңсыз жолмен саудалап жатқандар бар. Десе де, сақшылар ұстап алса жазасы қатаң. Қорытындылай келе, Түркияда темекіге қарсы шаралардың әсері байқалғанымен, темекі тұтыну көрсеткіштері әлі де жоғары екенін көрсетеді.