Air France компаниясының ұшақтары Израильге қатынамайды

Францияның «Эйр Франс» ((Air France)) әуе компаниясы Израильге 5 қарашаға дейін ұшақ ұшырмайды.

Бұл шешімге Таяу Шығыстағы жағдай себеп. Парижден Ливан астанасы Бейрутке де рейстер тоқтатылған. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің "Флай-Дубай" лоукостері мен "Етихад-Эйруейз" компаниясы Тель-Авивке әуе қатынасын жалғастыруға шешім қабылдаған.