Еуроаймақтағы жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке төмендеді

Еуроаймақта жұмыссыздар азайды, деп хабарлайды 24kz.

Еуропалық одақтың статистикасы бойынша қыркүйек айында көрсеткіш 6,3%-ке төмендеді. Жұмыссыз жүргендердің саны шамамен 11 млн. Олардың дені жастар. Жұмыссыздық деңгейі ең төмен ел – Германия. Онда тұрғындардың 3,5%-і ғана жұмыссыз болып есептеледі. Ал Испанияда, керісінше, екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп.