Axios: Иран АҚШ-тағы сайлауға дейін Израильге шабуыл жасайды
Иран Израильге Ирак жақтан соққы береді, деп хабарлайды 24kz.
Шабуыл АҚШ-тағы президент сайлауы басталғанға дейін жасалатын болады. Ислам Республикасы операцияны дрондар мен баллистикалық зымырандарды пайдалана отырып өткізеді. Бұл туралы АҚШ-тағы халықаралық Axios ақпарат құралы хабарлады. Мұндай ақпаратты Иран билігіне жақын дереккөзге сілтеме жасаған CNN телеарнасы да таратқан.
Естеріңізде болса, осыдан тура 1 ай бұрын Иран Израильді бомбалаған болатын. Ал 26 қазанда Израиль қарымта шабуыл жасады.