Израильде «Хезболла» шабуылынан екі адам қаза тапты
«Хезболла» қозғалысы Израильдің Кирьят Ата қаласына шабуыл жасап, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Ливандық қозғалыс еврей елінің солтүстігіндегі елді мекендерді оқтын-оқтын атқылап жатыр. Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққыдан әйел мен ұлы ажал құшқан. Ал «Хезболла» шабуылын Израиль әскеріне бағыттағынан айтады.
Израиль Ливанның ежелгі қаласын бомбалады
Ал Израиль Ливанның ежелгі Тир қаласын бомбалады. Әуе соққысы шаһар маңындағы палестиналық босқындар паналап отырған лагерьге де жасалған. Израиль шабуыл жасардан бұрын жергілікті тұрғындарға қауіпсіз жерге кетуді ескерткен. Бірақ елдің шығысында бірнеше бейбіт тұрғын көз жұмды.