Газада көз жұмғандар саны 43 мыңнан асты

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстан Газа секторында қаза тапқандардың саны артып жатыр. Осы күнге дейін 43 мыңнан астам адам көз жұмып, 100 мыңнан астам тұрғын жарақат алған. Бұл туралы Газаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәуліктің өзінде Израиль шабуылдарынан 55 азамат көз жұмып, 186-сы жарақат алған. Өз кезегінде БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик еврей армиясының ауруханаға жасаған шабуылынан елге жеткізілген медициналық құрал-жабдықтар түгел бүлінген деп мәлімдеді. Израиль әскері ауруханаларды атқылап, медицина қызметкерлерін қамауға алуынан тұрғындарға қажетті көмек көрсетілмей жатыр.