АҚШ-та президенттік сайлауалды науқанға $14,7 млрд жұмсалды

АҚШ-та президентік сайлауалды науқанға шамамен 15 миллиард доллар жұмсалған. Бұл туралы Блумгерг агенттігі хабарлады. Басылымның дерегі бойынша бұл қаржының басым бөлігі телеарналар мен әлеуметтік желілердегі жарнамаларға бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау 5 қараша күні өтеді. Саяси додада республикалық партия атынан Дональд Трамп пен демократ Камала Харрис сайлауға түседі.