Испанияда су тасқыны құрбандарының саны артты

Испаниядағы тасқын құрбандарының саны 205-ке жетті. Табиғи апаттан Валенсия автономиялық қауымдастығы қатты зардап шеккен. Онда 202 адам қаза болды. Мұндай алапат су апаты 50 жылда болмаған.

Қазір қалалар мен елді мекендерді лай мен батпақтан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар: «Құрбандар саны әлі де артуы мүмкін», – дейді. Өйткені зардап шеккен аймақ көп.

Жалпы Еурпода жойқын табиғи апат 1967 жылы Португалияда тіркелген еді. Сол кезде тасқын 500 адамның өмірін қиды.