Сербияда вокзал қалқасы құлап, 14 адам көз жұмды
Сербияның Нови Сад қаласында теміржол вокзалының шатыры опырылып, 14 адам опат болды.
Тағы 4 адам жарақат алған. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Ғимарат 1964 жылы салынған. Осыдан 3 жыл бұрын жөндеуден өтті. Қайғылы оқиға жұма күні болған. Ертесі күні ел Президенті Алесандр Вучич аза тұту күнін жариялады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.