Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 211-ге жетті

Испанияда тасқыннан қаза тапқандар саны 211-ге жетті.

Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Құтқару бригадасы бірнеше күннен бері үйінділерді аршып, қирандыларды қазып жатыр. Оған 2,5 мыңнан астам әскер жұмылдырылған. Билік тағы 5 мың маманды жөнелтуге тапсырма берді. Айта кетейік, Еуропада мұндай жойқын апат осыдан 57 жыл бұрын Португалияда тіркелген. Тасқын салдарынан 500 адам опат болған.