ХАМАС уақытша бітім жасасудан бас тартты

ХАМАС Израильмен уақытша қақтығысты тоқтату туралы келісімнен бас тартты.

Газа секторы тұрғындарының қауіпсіздігі, тұрақтылық, көмек және қалпына келтіру жоспары бізді қанағаттандырмады, деді ұйым өкілдері. Ұсыныс "белгілі бір күндерге" уақытша атысты тоқтату туралы келісім жасасуды, кепілдегі тұтқындарды босатуды және аумаққа гуманитарлық көмекті арттыруды көздеген болатын. ХАМАС болса Египет шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерін, атап айтқанда, Рафах бекетін толық ашуды талап етті. Кейінгі 2 айда Доха мен Каирде бұл мәселе бірнеше рет талқыланды. Дегенмен, келіссөздер нәтижесіз қалып отыр. Өйткені екі тараптың ұстанымы мен талаптары әртүрлі.