Тасқын: Испанияда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Осы сәтте Испанияда су тасқыны салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару шаралары 10 мың полицей мен әскер жұмылдырылған. Оларға мыңнан аса ерікті қосылды.
Мектептерде және стадиондарда тұрғындарды қабылдау және медициналық орталықтар жұмыс істеп тұр. Тасқыннан кейін аймақта ұрлық та көбейген. Кешелі бері 80-нен аса күдікті ұсталды.
Естеріңізде болса, бір апта бұрын Испаниядағы алапат тасқын кезінде 217 адам опат болған еді.