Ливанда түрік ауруханасы ашылды
Ливанда Түркияның қолдауымен салынған жаңа аурухана қолданысқа берілді. Емдеу орны Ливанның оңтүстігіндегі Сидон медициналық ғимаратында орналасқан. Түрік мамандардан жасақталған аурухана қақтығыстан зардап шеккен ливандықтарға шұғыл көмек көрсету мақсатында ашылған.
Ол жаңа қондырғылар мен заманауи технология негізінде жұмыс істейді. Қақтығыстан зардап шеккен науқастарға отаның бірнеше түрі жасалады. Жарақат алғандар мен күйік шалғандарға жедел көмек көрсетіледі.
Мона Мустафа Терияки, аурухананың бас директоры:
- Аурухана жедел жәрдем, жаралар мен күйіктерді емдеуге мамандандырылған. Емдеу орны жүйеге бейімделмейінше толық жұмыс істемейді. Әзірге жазатайым жарақаттар мен әскери күйікті ғана емдейміз. Адамдар толық үйреніскеннен кейін емдеу бағытын ұлғайтып, көмек күшін арттырамыз.