Ұлыбританияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді
Ұлыбританияда маймыл шешегінің жаңа штамы бойынша тағы 2 жағдай тіркелді. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, індет алдымен өткен айда Африкада демалыста болған Лондон тұрғынынан анықталған. Кейін сол адаммен тұрмыстық байланыста болған 2 кісіден де вирусқа ұқсас белгілер пайда болды. «Бірақ аурудың халыққа таралу қаупі төмен», – дейді агенттік өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін індеттің жаңа штамын жұқтыру жағдайлары Швеция, Пәкістан және Таиландта тіркелген. Ал Африкада жыл басынан бері 1100 адам маймыл шешегінен қайтыс болды, тағы 40 мыңнан астам адам жұқтырды.