АҚШ-тағы сайлау: Трамп әлде Харрис?
Иә, АҚШ-тағы сайлау науқаны – төрткүл дүние көз тіккен басты саяси дода. Жалпы бұл – ел тарихындағы алпысыншы сайлау. Президенттікке Демократиялық партиядан Камала Харрис, ал Республикашылар партиясынан Дональд Трамп сайлауға түсті. Енді бұл саяси дода АҚШ қоғамына қандай өзгерістер алып келуі мүмкін? Үміткерлер халыққа қандай уәде беріп отыр?
Демократиялық партиядан Ақ үй тағына үміткер – вице-президент Камала Харрис. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында АҚШ қоғамын жақсарту үшін барын салатынын айтты. Әсіресе кедей отбасында өскен балалардың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға медициналық қызметті қолжетімді ету, отбасылық жағдайға байланысты бөлінетін еңбек демалысының мөлшерін көбейту сияқты әлеуметтік мәселелерге ден қоятынын жеткізді. Егер Камала Харрис президент болып сайланса, АҚШ тарихындағы алғашқы қара нәсілді әйел болмақ.
Ал Харристің басты қарсыласы, Республикалық партияның өкілі – Дональд Трамп. Ол АҚШ-ты 2017-2021 жылдары басқарған. Ол осы жолғы додада өршіл саяси бағдарлама ұсынып отыр. Соның бірі –мәселесі. Саясаткер: «Жеңіске жетсем, Байден әкімшілігінің қазіргі шекараға қатысты ашық саясатын дереу тоқтатып, Америка тарихында ең ірі депортациялау операциясын жүргізем», – дейді.
Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Фариза Жанғанаева.