АҚШ-та қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр
АҚШ билігі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Ғимараттардың шатырына мергендер жайғасқан. Сайлау учаскелеріне дабыл батырмасы орнатылды. Сондай-ақ төңіректі барлауға дрондар тартылған. Вашингтон мен Невадада Ұлттық ұлан сарбаздары күзетте жүр.
The Washington Post басылымының жазуынша, билік бұрынғы сайлауларда болған тәртіпсіздіктерден сабақ алған. 4 жыл бұрынғы саяси науқанда Дональд Трамп: «нәтиже бұрмаланды» деп жеңілгенін мойындамаған еді. Бұл Америка қоғамында жік тудырып, ақыры 2021 жылдың 6 қаңтарында Конгресс сайлаудың ресми қорытындысын жариялағалы жатқанда Трамптың жақтаушылар Капитолий ғимаратына басып кірді. Қақтығыстан 6 адам көз жұмып, 140 полицей жараланған болатын.