Түркия Қырғызстанның $62,3 млн сыртқы қарызын кешірді

Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді.

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Түркия мұндай қадамға «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру мақсатында барған. Айта кетейік, Түркия президенті кеше мемлекеттік сапармен қырғыз еліне барды. 6 қарашада Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады.