АҚШ-тағы сайлау: Бас прокурорлар халыққа үндеу жасады
АҚШ-тың 47 штаты мен үш аймақтың бас прокурорлары сайлау нәтижесі қандай болса да, оны сабырмен қабылдауға шақырды.
«Біз сайлау нәтижелеріне байланысты кез-келген зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптаймыз», - делінген үндеуде.
«Биліктің бейбіт түрде берілуі – ел тұрақтылығының негізінде жатқан заң үстемдігінің және дәстүрінің дәлелі. Бас прокурор ретінде біз қоғамды қорғауға және демократиялық қағидаттарды сақтауға қатысты міндеттемелерімізді растаймыз», - деп көрсетілген құжатта. Оған тек Индиана, Монтана және Техас штаттарының бас прокурорлары қол қоймаған.
Айта кетейік, Мичиган шенеуніктері: «штат аумағында шеру өтуі мүмкін», - деп қауіптеніп отыр. «Және басқа да штаттарда шағын қақтығыстардың туындау мүмкіндігі бар», – деп хабарлады The Washington Post газеті Мичиганның мемлекеттік хатшысы Джоселин Бенсонның сөзіне сілтеме жасап.