АҚШ-тағы президент сайлауында кім озып тұр? LIVE

Дәл қазір АҚШ-та президент сайлауы өтіп жатыр.

Енді аз уақытта алпауыт елдің 47-ші басшысы белгілі болады. Ал әзірге Камала Харрис пен Дональд Трамптың экзит полдағы нәтижесі қандай? Сайлаушылардың белсенділігі не күйде?

Дауыс беру әлі де жалғасып жатыр ма? Қанша адам дауыс берді?

Талғат Алманов, тілші:

- Дауыстарды санау әлі де жалғасып жатыр. Әзірге электоралды дауыстардың қорытындысы бойынша Дональд Трамп Камала Харристен алда келе жатыр. 101-71. Бірақ қандайда бір қорытынды жасау әлі ерте, себебі бұл алғашқы 10 штаттағы дауыстар ғана. Сайлаушылардың белсенділігіне келер болсақ, осы уақытқа дейін 84 миллионнан астам америкалық өз таңдауын жасап үлгерді. Демек белсенділік жоғары. Біз бүгін Мэриландтағы сайлау учаскілерінің біріне барып, дауыс берушілермен тілдескен едік. Солардың біріне назар аударсақ.

Джаннет, Мэриланд тұрғыны:

"Дауыс беру - өте маңызды борыш. Менің ата-анам Миссисипиден. 50-60 жыл бұрын оларға дауыс беру қылмыспен тең еді. Сол себепті мен дауыс беруде белсендімін. Ал бүгінгі дауыс беру жылдам болды. Бар-жоғы жарты сағат ішінде өз таңдауымды жасадым. Жақсы әсерде тұрмын".

Марша, Мэриланд тұрғыны:

"Мен көп жылдан бері дауыс беріп келемін және азаматтық борышыма өте үлкен жауапкершілікпен қараймын. Мен келесі президенттің кім боларын білмеймін, бірақ кім болса да, АҚШ-тың басты құндылығы саналатын демократиямыз үшін күрессе екен деп үміттенемін."

АҚШ

Талғат Алманов, тілші:

- Демократияға төнген қауіп пен елдің мүшкіл экономикасы дауыс берушілерді алаңдатқан ең негізгі мәселелрге айналды. Полстерлердің айтуынша кандадаттардың бұл мәселелрге қатысты ұстанымдары дауыс берушілердің пікірн белгілі бір деңгейде өзгертті. Мәселен, NBC арнасының экзит-пулингіне сәйкес, ақ нәсілді сайлаушылар Трампты қолдаудан бас тартып жатқан көрінеді. 2020 жылғы 57%-дан 49%-ға дейін төмендеді дейді сарапшылар.

Қандай да бір заңсыздықтар байқалды ма? Және сайлаудың қорытындысы қашан белгілі болады?

АҚШ

Қауіпсіздік шаралары әдеттегідей жіті бақылауға алынған. Әсіресе біз тұрған Вашингтонда 2020 жылғы сценарийдің қайталанбауы үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Және билік өкілдері адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ болуға шақыруда. Бірақ осы уақытқа дейін заңсыздықтар байқалған жоқ.

Ал сайлаудың қорытындысына келер болсақ, ол бірнеше фаторға байланысты. Солардың бірі Трамп пен Харристің құбылмалы штаттардағы дауыс айырмашылына байланысты. Егер дауыстар барынша тең болса, онда пошта арқылы дауыс берген бюллетендерді санауға тура келеді, ал ол бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Бірақ мамандар АҚШ-тың келесі президентінің кім екені бүгін түнде белгілі болып қалады дейді.