Әлемдегі қақтығыстар экологияға кері әсер етіп жатыр
Әлемдік қақтығыстардың экожүйеге кері әсері
Соғыста қолданылатын химиялық, биологиялық қарулар ауаны ластап қоймай, жер шарындағы тепе-теңдікті бұзады. Бүлінген ғимараттар, өртелген, шағылған, қиратылған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштердің санында есеп жоқ. Осының бәрі, жер шарының бүлінуіне, табиғи ресурстардың шығындалуына әкеледі. Әлемдік әскери-өнеркәсіптік кешен атмосферадағы СО2 шығарындыларының 2% -на жауап береді. Әскери техника металдарды, соның ішінде күрделі электроника үшін сапалы болат өндірісін және түрлі пластмассаларды қажет етеді. Жалпы танктің массасы модификацияға байланысты 26-дан 188 тоннаға дейін, ал қазіргі заманғы жаяу әскердің жауынгерлік машинасы салмағы 44 тоннаға дейін жетеді. Бұл ең ауыр емес әскери техниканың өзі қозғалу үшін көп отынды қажет етеді. Мәселен, АҚШ Қорғаныс министрлігі - елдегі ең ірі қазба отын тұтынушысы. 2007 жылғы ресми зерттеулерге сәйкес, әскерилер жыл сайын 20,9 миллиард литр отын тұтынады.
ЦИТАТА:
Кез келген соғыста инфрақұрылым мен өнеркәсіптік нысандар жойылады. Бұл өз кезегінде зиянды шығарындыларға, соның ішінде улы заттарға және өндіріс тепе-теңдігінің бұзылуына, су мен энергияны пайдалануға әкеледі. Ауыл шаруашылығы зардап шегеді. Ірі фермалар мен өндірістерде жануарлардың қырылуы, мыңдаған мәйіттердің шіріп кетуі және ыдырауы нағыз экологиялық және эпидемиологиялық апатқа әкеледі.
Роберт Мардини, Женева Университеті-ауруханасының бас директоры, халықаралық қызыл крест комитетінің экс-директоры
Әлемдік қақтығыстардың экожүйеге кері әсері
Адам шығыны жағынан емес, қоршаған ортаға орасан зор залалы бойынша тарихта 1955-75 жылдары болған, Вьетнам соғысы аталады. АҚШ әскері Партизандар паналады деген желеумен тропикалық ормандарды джунглиді химиялық заттармен толтырып, оны жоюға тырысқан. Салдарынан, арнайы өсірілетін "Агент Апельсин" гербицидінің жапырақтары түсіп, оның жанама өнімдерінің бірі улы диоксин әлі күнге дейін топырақта, суда және тірі организмдерде кездеседі. Қазірде Вьетнамның кей аудандарында балық пен асшаяндарды аулауға тыйым салынған. Сондай-ақ, тропикалық джунглидің 60% - ы жойылды.
ЦИТАТА:
- Ауғанстаннан Сомалиге, Малиден Йеменге дейін біз климаттық тәуекелдер мен қарулы қақтығыстардың шиеленісуінің зардабын байқамыз. Бұл елдердегі біздің жұмысымыз - халыққа Климаттық дағдарыстан туындаған мәселелерді шешуге көмектесу. Бұл қиындықтарды тек гуманитарлық ұйымдардың күшімен жеңу мүмкін емес. Ең осал елдердің саяси және қаржылық қолдауынсыз адамдар тұрмысы нашарлай береді.
Роберт Мардини, Женева университеті-ауруханасының бас директоры, Халықаралық қызыл крест комитетінің экс-директоры:
Әлемдік қақтығыстардың экожүйеге кері әсері
Үнемі қақтығыстан көз ашпайтын, Ауғанстан 1990 жылдан 2007 жылға дейін ормандарының үштен бірінен айырылды. Нәтижесінде елді құрғақшылық жайлады. Өсімдік түрлері жойылып, жануарлар қырылды. Ауғанстан аумағы арқылы қоныс аударатын құстардың саны 85 пайызға төмендеді. Ал Мозамбиктегі азамат соғысы кезінде (1977-1982) Горонгоса ұлттық саябағында пілдер, зебралар, бегемоттар мен буйволдарды қоса алғанда, тоғыз ірі шөпқоректілердің популяция тығыздығы 90%-ға азайды.