Әлеуметтік осал топтағы оқушыларға көмек беріледі
Елімізде қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізілмек. Әдетте ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар осы күнге дейін интернаттық ұйымдарға тапсырылып келген еді. «Бұл өз кезегінде бала психикасына біраз кері әсерін тигізеді», - дейді мамандар. Осыған байланысты алдағы уақытта тәрбиеленушіні арнайы тіркеуге қойылған отбасылар өз қарауына алуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын таныстыру кезінде айтты.