Миссури штатында су тасқынынан адам қаза тапты

АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында шелектеп жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласты.

Салдарынан 1 адам опат болды. Қазір жолдар жабылып, қозғалыс шектелді. Президенттік сайлау қарсаңында тұрғындардың сайлау учаскелеріне баруы мүмкін болмай тұр. Сол себепті билік дауыс беру учаскесін шұғыл басқа жерге ауыстыруға тапсырма берді.