Израильдің әуе соққысынан Ливанда 20 адам қаза тапты

Израиль әскері Ливанның батысындағы Барджа қаласына әуе соққысын жасап, 20 адам қаза тапты.

Тағы 14 адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазір құтқару бригадасы үйінділерді аршып, жоғалғандарды іздестіру жұмыстарына кірісті. ЦАХАЛ қозғалысының шабуылынан жыл ішінде 3 мыңнан астам ливандық қаза тапқан. Оның 2 мыңы кейінгі бір айда өлім құшты. Артынша Израиль әскері Хезболла ұйымына тиесілі ғимараттарды атқылай бастады. Сондай-ақ Ливанның оңтүстігіндегі құрлықта әскери операциясын жүргізетінін хабарлады.