Дональд Трамп жайлы не білеміз?

АҚШ-тың 45-ші президентінің келесі мәрте Ақ үй басшысы атануына сәл қалды. 267 дауыспен алда келе жатқан Дональд Трамптың саяси мансап жолы қалай қалыптасты? Ол президенттікке қалай келді?

Дональд Трамп – америкалық саясаткер, кәсіпкер, АҚШ-тың 45-ші президенті. Ол Американы 2017-2021 жылдары басқарды. Саясатқа келмей тұрып, Трамп жылжымайтын мүлік саласында жылдар бойы қызмет атқарып, Trump Organization компаниясының негізін қалады. Оның саяси мансабы 2016 жылы басталды. Сол жылы «Ұлы Американы құрайық!» деген ұранмен президенттік сайлауда Республикашылар партиясы атынан бақ сынады. Осылайша, ол демократтар партиясынан үміткер Хилари Клинтонды 77 дауыс айырмашылығымен жеңді. Президенттік қызметінде ол ұлттық мүдде, экономикалық даму және көші-қон саясатын қатаңдатуға назар аударды. Байларға салынған салықты азайтты. АҚШ-ты Транс-Тынық мұхиты әріптестігі сауда келісімі, жаһандық жылыну жөніндегі Париж келісімі және Иран ядролық келісімінен шығарды. 2020 жылы екінші рет сайлауға түсті, бірақ жеңіліп қалды. «Ұлы Американы құрайық!» деген ұранмен биыл да додаға қатысып, бәсекелесі Джо Байденді президенттіктен шығарды.