АҚШ-та сайлау күні биткоин мен мұнай бағасы көтерілді

АҚШ-тағы президент сайлауы биржа индекстеріне оң әсерін тигізді. CNBC мәліметі бойынша S&P 500 1,2%-ке нығайды, технологиялық индекс Nasdaq Composite 1,3%-ке көтерілді, ал өнеркәсіптік Dow Jones Industrial Average өсімі 1%-тен асқан. Биткоинның да бәсі жоғарылады. Тіпті 74 мың долларға бағаланып, тарихи рекорд орнатқан.

Сөйтіп электронды ақша 1 күнде 9%-ке қымбаттады. Бәс қабылдайтын орталықтарда Дональд Трамптың салмағы басым, бірақ экзит-полдар Камала Харристің сәл басымдыққа ие екенін көрсеткен. «Рейтердің» хабарлауынша, мұнай бағасы да көтерілген. Brent маркалы мұнай фьючерстері 45 центке, ал WTI 52 центке қымбаттады.