Испания билігі тасқын салдарын жоюға €10 млрд бөледі

Испания билігі тасқын салдарын жоюға 10 миллиард еуродан астам қаражат бөлмек. Бұл туралы ел премьер-министрі Педро Санчес хабарлады. Қаражат үй шаруашылықтарына, компанияларға мен жеке кәсіпкерлерге бағытталады. Осы қаржы есебінен көлігінен айырылғандарға, үйлеріне зақым келген азаматтарға өтемақы төлеу қарастырылған. Премьер-министрдің айтуынша, қазір апат аймағына 15 мыңға жуық құқық қорғау органдары мен әскерилер жұмылдырылған.

Айта кетейік, елде әлі күнге дейін іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізде болса, өткен аптада Испанияның шығысында алапат тасқын жүріп, 200-ден астам адам опат болған еді.