Харрис сайлаудан соң жақтастарымен кездесті
АҚШ вице-президенті Камала Харрис Вашингтондағы Ховард университетінде жақтаушылары алдында сөз сөйлеп, президенттік доданың нәтижесімен келісетінін мәлімдеді.
Бірақ қолдаушыларының алдында әйелдердің құқы мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жұмыстарын тоқтатпауға уәде берді. Сонымен қатар жаңадан сайланған президент Дональд Трампты жеңісімен құттықтау үшін шақырғанын да атап өтті.
Айта кетейік, кеше университет ғимаратының алдына мыңдаған қара нәсілді студент Харриске қолдау көрсету үшін жиналған еді.
Камала Харрис, АҚШ вице-президенті:
- Америкалық демократияның негізгі қағидасы – біз сайлауда ұтылған кезде оның нәтижесін дұрыс қабылдаймыз. Біздің елде біз президентке немесе партияға емес, АҚШ-тың Конституциясына адал болуға міндеттіміз. Науқан барысында мен «біз жеңеміз» деп жиі айтатынмын. Бірақ бұл біздің жеңілгенімізді білдірмейді. Кейде жеңіс үшін күресу біраз уақытты талап етеді.