Пәкістанда «Көк түтінмен күрес орталығы» құрылды

Пәкістанның Пенджаб қаласында «Көк түтінмен күрес орталығы» құрылды, деп хабарлайды 24kz.

Ел билігінің хабарлауынша, бұл бастама Пәкістандағы, әсіресе, Лахор қаласындағы ауаның шамадан тыс ластануына байланысты қолға алынған. Енді Арнайы комитет күн райы мен ауа сапасын күн сайын бақылап отырады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеу мен жол қозғалысы қатаң қадағаланады. Тақауда IQAir компаниясы Лахор қаласына әлемдегі ең лас шаһар деген баға берген еді. Себебі ауадағы зиянды бөлшектердің концентрациясы нормадан әлдеқайда асып кеткен.