Газа секторынан 231 адам эвакуацияланды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек көрсету мақсатында Газа секторынан 231 адамды эвакуациялады.
Олар анклавтың оңтүстігіндегі Керем-Шалом өткізу пункті арқылы Біріккен Араб Әмірліктері мен Румыниядағы медициналық орталықтарға жіберілді. Зардап шеккен азаматтар арасында онкология мен аутоиммунды ауруға шалдыққандар бар екен. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл операцияны жүзеге асыруға Еуроодақ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Израиль елдері қолғабыс еткен. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерек бойынша былтыр қазан айынан бері Газа секторынан 5 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланған. Тағы 14 мың азамат кезегін күтуде.