Кувейт Ливанға гуманитарлық көмек жіберді

Кувейт билігі Ливанда қақтығыстан зардап шеккен халыққа әуе көлігі арқылы көмек жөнелтті, деп хабарлайды 24kz.

Гуманитарлық жүк 14 тонна дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтарды қамтыған. Қазір аймақта жарақат алғандарға ем-домға қажетті дәрілік препараттар мен құрылғылар тапшы.

Айта кетейік, былтыр қазан айынан бері Израильдің шабуылынан мыңнан астам ливандық қаза тауып, тағы 13 мың 400 адам зардап шекті.