Газа секторында соғыс құрбандарының саны 43 мыңнан асты

Газа секторында былтыр қазан айынан бері Израильдің шабуылынан қаза тапқандар саны 43500-ге жетті, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 100 мыңнан астам палестиналық зардап шеккен. Құрбандардың 70%-і әйелдер мен балалар. Бұл – БҰҰ-ның келтіріп отырған дерегі. Ұйым өкілдерінің айтуынша, Израиль халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі принциптерін сақтамай отыр. Қазір бұл елдің әскері Газаның солтүстігіне соққыны күшейткен. Мұнда таңнан бері 23 палестиналық мерт болды.