Израиль полициясы Құдыста Франция елшілігінің екі қызметкерін қамауға алды
Израиль мен Францияның арасына жік түсті. Израиль полициясы Құдыста Франция дипломатиялық өкілдігінің 2 қызметкерін қамауға алды, деп хабарлайды 24kz.
Француз қызметкерлері полицейлерді ішке кіргізуге қарсы болған. Бұл жерге Францияның Сыртқы істер министрі келу керек болатын. Екі тарап арасында жанжал туып, Израиль сақшылары ғимаратқа баса-көктеп кірген. Барро қызметкерлерін босатуды талап етті. Ол бұл жағдайды шектен шыққандық деп атаған. Оның үстіне қос қызметкер қамалған орын қазір Францияның заңды иелігінде екен.
Жан-Ноэль Барро, Францияның Сыртқы істер министрі:
- Израиль полициясы Франциядан алдын ала рұқсат алмай, ғимаратқа баса-көктеп кірді. Бұл шектен шыққандық. Бұл Францияның заңды иелігіндегі жерге шабуыл болып саналады. Мен Израильмен арадағы қарым-қатынасты нығайту үшін келген едім, енді бәрі керісінше болатын сияқты. Біз аймақта бейбітшілік орнатуға атсалысуымыз керек.