ДДСҰ: Жыл сайын 1 млрд бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды

Әлемде жыл сайын 1 млрд-тан астам бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

Ал әр 13 минут сайын бір бала өлім құшады. Мұндай жағдайға көбінесе 2 мен 17 жас аралығындағы бөбектер мен жеткіншектер жиі тап болады. Олардың тек 10% дер кезінде жәрдемге жүгінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Колумбиядағы халықаралық конференцияда осылай деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, жасөспірімдердің дені жыныстық зорлық-зомбылық пен психологиялық қысымға ұшырайды. Мұның соңы депрессия, мазасыздық, тыйым салынған заттарды пайдалану мен ішімдікке тәуелділікке әкеледі екен.