Израиль министрі Нидерландқа аттанды
Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Нидерландқа шұғыл сапарға аттанды.
Оған Амстердамдағы израильдік футбол жанкүйерлеріне жасалған шабуыл себеп. The Times of Israel басылымы осылай деп хабарлады. Сапар барысында Саар голландиялық әріптесі Каспар Фельдкамппен кездесіп, антисемитизммен күресу мәселелерін талқылайды. Жұмаға қараған түні Амстердамда белгісіз біреулер Израильден келген футбол жанкүйерлеріне шабуыл жасап, 30 адам зардап шекті. Тағы екеуі із-түзсіз кетті. Оларды эвакуациялау үшін екі ұшақ жіберілді.