Индонезияда жанартау атқылауына байланысты 10 мың адам эвакуацияланды
Индонезияның шығысындағы Нуса-Тенгара провинциясынан жұрт жаппай эвакуацияланып жатыр.
Бұған Левотоби жанартауының оянуы себеп. Ол алтыншы күн қатарынан атқылап жатыр. Осыған байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланып, 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік өкілдерінің хабарлауынша, табиғи апаттан 10 тұрғын опат болған. 2 мыңнан астам үйге зақым келген.
Агус Риянто, Индонезияның табиғи апаттар жөніндегі агенттіктің офицері:
- Қазіргі уақытта үш эвакуация орталығы жұмыс істеп тұр. Тағы үшеуі дайындалып жатыр. Бірақ аймақтағы төтенше жағдайдың ауқымын ескерсек, олар жетпей қалуы мүмкін.