Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты
Испанияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 223-ке жетті.
Тағы 78 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы көлік министрі хабарлады. Естеріңізде болса, қазан айының соңында Испанияда дүлей дауыл соғып, бірнеше сағатта жаңбырдың екі жылдық мөлшері жауған еді. Соның салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді. Тасқыннан көпірлер қирап, көліктер көшелерде кептеліп қалды. Табиғи апат зардабын жою жұмыстары әлі де жалғасып келеді. Аймаққа 15 мыңнан астам әскери тартылған. 45 мың ерікті тағы бар. Мамандардың айтуынша, Еуропа аумағында мұндай тасқын кейінгі жарты ғасырда болмаған. Ел билігі аймақты қалпына келтіру үшін жуырда 10 миллион еуро бөлетінін жариялады. Бұл қаржы, үй шаруашылықтарын, компаниялар мен жеке кәсіпкерлерді қолдауға бағытталады.