Швейцария ниқаб киіп жүруге тыйым салады

Швейцария қоғамдық орында ниқабпен жүруге тыйым салады.

Шектеу ресми түрде келесі жылдан бастап күшіне енбек. Заң бұзғандарға 1100 долларға дейін айыппұл салынады. Бұл жарты миллион теңгеден асатын сома. Бірақ аталған ереженің ұшақтар, дипломатиялық мекемелер, мешіт, шіркеу сияқты қасиетті орындарға қатысы жоқ. Сондай-ақ діни емес, ойын-сауық және жарнама мақсатында бетті тұмшалауға болады. Жергілікті мұсылман қауымдастықтары аталған заңды айыптап жатыр. Олар бұл мұсылман қыз-келіншектердің құқығын таптау деп санайды. Ал ережені жақтаушылар мұндай шаралар мигранттардың Швейцария қоғамына тез кірігуіне жол ашады дейді. Ниқабқа тыйым Тунис, Нидерланд және басқа елдерде бұрыннан бар.