Трамп пен Нетаньяху телефон арқылы Иран мәселесін талқылады

АҚШ-тағы сайлаудан соң, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен болашақ президент Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Израильдің үкімет басшысы ресми хабарлап, әңгіме Иран жайында болғанын мәлімдеді. Нетаньяхудың айтуы бойынша, Израиль мен АҚШ арадағы одақты нығайтуға ниетті. Әрі Иран тарапынан келетін қауіпке ортақ пікірде екенін жасырмады. Бұл екі саясаткердің сайлаудан кейінгі үшінші рет телефон арқылы сөйлесуі. Нетаньяху жақсы әрі маңызды қоңырау болғанын да хабарлады.