АҚШ пен Британия Йемендегі хуситтерге шабуыл жасады
АҚШ пен Британ әскері Йемендегі хуситтердің нысандарына 7 рет әуеден шабуыл жасады.
Жергілікті «Әл-Масира» телеарнасының хабарлауынша, ел астанасы Санада 3 әскери лагерь, сондай-ақ Амран мен Саадта жерасты қоймалары бомбаланған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, өткен жылдың қазанынан бері Йемендегі хуситтер Қызыл теңізде 80-нен астам кемеге шабуыл жасаған. Осының салдарынан контейнер тасымалы 90 пайызға азайды. Хуситтер Газа секторындағы Израиль шабуылдары үшін есе қайтарып жатырмыз дейді. Кейін оларға қарсы АҚШ пен Британия операция бастаған.