Нидерланд полициясы Палестина қолдаушыларын қамауға алды
Нидерланд полициясы Палестинаны қолдайтын жүздеген шерушіні қамауға алды.
Олар Амстердамдағы ханымдар алаңына жиналып, "Палестина бостандығы үшін" және "Амстердам геноцидке жоқ дейді" ұрандарын айтқаны үшін полицияның қысымына ұшырады.
Тәртіп сақшылары, алаңға шыққандарға қарсы күш көрсеткен. Олардың арасында ауыр жарақат алғандары бар. Естеріңізге сала кетейін, бірер күн бұрын, Палестина жақтаушылары мен израильдік футбол жанкүйерлерінің арасында кикілжің шығып, төбелес болған еді. Соның салдарынан, 30 адам зардап шегіп, екі адам із-түссіз жоғалып кеткен. Осы оқиғадан кейін Нидерланд астанасында 14 қарашаға дейін шеру өткізуге шектеулер енгізілген болатын. Алайда наразылық білдірушілер тәртіпке бағынбағаны үшін қамауға алынды.