Испания билігі тасқыннан жапа шеккендерге қосымша $4 млрд бөледі
Бұл туралы Испания премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді.
Қаржы тұрғындарды қолдауға және инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Бұған дейін ел билігі 11 миллиард доллар бөлген болатын. Апат аймағында азаматтарды іздестіру жұмыстары, тасқын салдарымен күрес шаралары әлі жалғасып жатыр. Бірақ Валенсия тұрғындары жергілікті биліктің әрекетіне наразы. Аймақ басшысы Карлос Мазонның отставкаға кетуін талап етті. Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Испанияның оңтүстік-шығысында алапат су тасқыны жүрді. Соның салдарынан 220-дан аса адам опат болған.