Араб елдері Израильді БҰҰ құрамынан шығаруды талап етті
Араб мемлекеттері лигасы Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін алып тастауды талап етті.
Ұйым атынан қатқыл мәлімдемені Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен саммиттің қорытынды баспасөз мәслихатында Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Ахмед Абуль Гейт жасады. Естеріңізге сала кетейік, Израильдің әскери операциясынан Газа секторында 43 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.
Ахмед Абуль Гейт, Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы:
- Палестиналықтарды қорғаудың ең төте жолы - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шешімі. Осы саммиттің қорытынды құжатында 36 тармақ қабылданды. Соның біреуі ретінде Араб және мұсылман елдері Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелегін тоқтатуға қатысты бірлескен іс-әрекеттері жасайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы бұл шешімді қолдап дауыс беруге тиіс.